ӘРБІР ӘЙЕЛ ҮШІН НЕНІ БІЛУ МАҢЫЗДЫ? | 3-06-2024, 17:22 |
СҮТ БЕЗІНІҢ ОБЫРЫ жыл сайын бүкіл әлемде мыңдаған адамның өмірін қозғай отырып,елеулі жаһандық мәселе болып қалуда. Қазақстанда, көптеген елдердегідей, әйелдерде қатерлі ісіктер арасында сүт безі обыры жетекші орын алады. Жыл сайын елімізде 5000-ға дейін СБО жағдайы анықталады, бұл ретте 1200-ге дейін әйел дүниеден өтеді. Дегенмен,ісіктерді ерте анықтау онкологиялық науқастардың 95% -ында қатерлі ісік ауруын сәтті емдеуге мүмкіндік береді. Қазақстанда 2008 жылдан бастап сүт безінің қауіпті ауруларын ерте анықтау мақсатында ұлттық скрининг жүргізілуде. 40 пен 70 жасаралығындағы барлық әйелдер тұрғылықты жері бойынша емханаларда тегін скринингтік тексеруден өтеді. Осы бағдарламаның арқасында мыңдаған қазақстандық әйелдер қауіпті дертті анықтап, дер кезінде емдеуді бастауға мүмкіндік алды. Сіздердің назарларыңызға «Әрбір әйелге не білу маңызды» , кітапшасын ұсынамыз, онда тәуекел факторлары, сүт бездері ауруларының ерте белгілері мен түрлері, өзін-өзі тексеру әдістемесі, сондай-ақ сүт безі обырын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері туралы пайдалы ақпарат жинақталған. Ұсынылған ақпарат Сізге өз денсаулығыңыз туралы неғұрлым саналы шешім қабылдауға көмектеседі деп үміттенеміз. Біз бірге салауатты болашаққа қадам жасай аламыз! Instagram @together.against.cancer.kz Facebook https://www.facebook.com/TogetherAgai... қатерлі ісікпен күресейік
#РозоваяЛенточка #ҚызғылтТаспа #PinkRibbon #БлаготворительныйПроект #Вместепротиврака #Здоровье #онкоПрофилактика #Скрининг #TogetherAgainstCancer #қатерліісікпенкүресейік
По теме:
|
|