Общественый фонд «Вместе против рака — »Oncology.kz
О нас  •  Волонтеры  •  Задай вопрос   Помоги фонду!
Қазақстанда соңғы жылдары еркек безі қатерлі ісігіне шалдығу көрсеткіштері артып келеді | 13-10-2011, 14:58
Осыған орай, қалалық онкология диспансері мен «Бәріміз бірге қатерлі ісікке қарсы» қоғамдық қоры 1 қазан күні тегін ашық есік күнін өткізеді. Бұл күні 50-ден асқан ер адамдар онкология диспансерінде тегін тексерілуден өте алады. Бұл туралы бүгін Алматыда еркек безі қатерлі ісігінің мәселесіне арналған баспасөз мәслихатында Алматы қаласының онкологиялық диспансерінің Бас дәрігері Диляра Қайдарова мәлім етті.

Оның айтуынша, бүгінде ҚР бойынша аталық безінің қатерлі ісігіне шалдығу өсімі 2010 жылы 7 %-ды құраса, Алматы қаласы бойынша 8 пайызды құрап отыр. "Салыстыру үшін айтар болсақ, 2009 жылы жиекті ішек ісігінің өсім қарқыны 4,4%, ал тері қатерлі ісігі 4%-ды құрады. Бізді 50 жасқа толмаған ерлердің арасында еркек безінің қатерлі ісігінің анықталу жағдайларының жиіленіп кетуі алаңдатады. Бүгінде Алматы қаласының өзінде еркек безінің қатерлі ісігі еркек жыныс мүшелерінде түзілетін қатерлі өскіндердің арасында бірінші орында тұр",-дейді ол.

«Өкінішке орай, емделушілер медициналық көмекке тым кеш жүгінеді, мәселен, емделушілердің 75%-ы аталған аурудың асқынған кезеңінде дәрігерлерге көрінеді. Әдетте, бұл жағдайлар аурудың үдей түсетін кезеңіне сәйкес келеді, яғни ісіктің жергілікті таралуы немесе жекелеген метастазалар пайда болып үлгереді. Ал, мұндай кезеңде бұл аурудан жазылу мүмкін емес. Алғашқы стадияларда ғана емделуші жүз пайызға сауығып кете алады», - деді Алматы қаласының онкологиялық диспансерінің онкоурологы Сергей Барсов.

Мамандардың айтуынша, еркек безі қатерлі ісігінің дамуына әкелетін факторлар әзірше жеткілікті түрде зерттелінбеген. "Қазіргі таңда қауіп төндіретін 3 фактор ғана нақты анықталған, олар - жас, тұқымқуалаушылық және ұлттық тиістілігі. Еркек безі қатерлі ісігі әдетте 50-ден асқан ерлердің арасында дамиды. Оның пайда болуының себебі ішкі және сыртқы факторлардың ықпалымен қартаюшы еркектің ағзасындағы гормон тепе-теңдігінің бұзылуы болып табылады. Ішкі факторларға тұқымқуалаушы генетикалық факторлар жатады. Егер бірінші ұрпақтағы туысқанның біреуі аталған қатерлі ісікпен ауырған болса, осы кеселге шалдығу қаупі екі есе артады, ал егер аталған аурумен екі немесе одан да көп туысқан адамдар ауырған болса, онда осы ауруға шалдығу қаупі 5-11 есе арта түседі. Қауіп төндіруші сыртқы факторларға семіздік, шылым шегу, тамақтану ерекшеліктері, радиация мен пестицидтер әсері жатқызылады. Бұнымен қатар, еркек безінің қатерлі ісігіне шалдығу көрсеткіштері түрлі географиялық аймақтарға байланысты едәуір өзгешеленеді. Мәселен, Солтүстік Еуропа мен АҚШ-та бұл көрсеткіш жоғары болса, Оңтүстік-Шығыс Азияда бұл ең төменгі көрсеткішке ие",-деді Алматы қаласының онкологиялық диспансерінің дәрігері Нұрлан Балтаев.

Еркек безінің қатерлі ісігі қазіргі таңда Еуропа мен АҚШ елдерінде аса күрделі мәселелердің бірі болып отыр. "Бүгінде 1000 еркектің 214-сі осы ауруға шалдығуда. Ерлердің өліміне әкелетін онколологиялық аурулар ішінде бұл ісік түрі 2-ші орында тұр",-деді ол.

ҚазАқпарат: 27.09.2011


Поделиться: Поделится «В Контакте»В Контакте   Поделится в FacebookFacebook   Поделится в TwitterTwitter   Поделится в «Моем Мире»Мой Мир

По теме:

Award 2011

3 место в номинации «Общественные организации» на национальной интернет- премии Award 2011


Асыл Алма 2012

1 место в номинации
«За вклад в борьбу с социально-значимыми заболеваниями», премия «Асыл Алма» 2012

Партнеры
Рейтинг@Mail.ru
Общественный фонд «Вместе против рака» © 2008–2011
Cайт разработан при поддержке Компании ТОО «Рош Казахстан»
Дизайн и разработка:  Open Up Solutions